Экономика
Банктердің мәліметтер базасы Ұлттық банк және Мемлекеттік кіріс комитетінің базасы біріктіріледі
Капиталдың шетелге заңсыз шығарылуының алдын алып, валюта бақылауының нәтижелілігін арттыру үшін бас прокуратураның ұсынысымен екінші деңгейлі банктердің, Ұлттық банктың және мемлекеттік кіріс ұйымының ақпараттық жүйелерін біріктіру жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.
Онлайн режимінде ақпараттық ресурстардың біріктірілуі сыртқы сауда келісімдері бойынша ақша және тауар айналымының қозғалысы туралы қажетті ақпарат алып, валюталы бақылау туралы заңнама талаптарын бұзылған жағдайларды уақытында анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024