Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - Банктер құрылыс секторындағы өзінің позициясын әлсіретіп жатыр. Себебі кредиторлар қазірдің өзінде мерзімі өткен қарыздар көбейіп кете ме деп қорқады. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.
Еnergyprom.kz агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2017 жылдың наурыз айының соңында құрылысқа берілген банктік кредиттердің көлемі 961,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылға қарағанда 3,8 пайызға төмен. Ал соңғы үш жылда құрылыс саласына берілген қарыз үлесі 34 пайызға қысқарған. Дегенмен, банк тарапынан кредит беру деңгейі төмендесе де, құрылыс қарқыны жоғары, Мысалы, 2017 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанда 305 көппәтерлі үй пайдалануға берілген. Бұл 2016 жылмен салыстарғанда 35 пайызға көп. Ал соңғы 5 жылдың көрсеткішінен 53 пайызға жоғары.
Агенттіктің есептеуінше, құрылыс саласында банктердің ұзақмерзімді қарыз портфелінің үлесі 2014-2015 жылдар аралығында бірден 26 пайызға төмендеген. Ал 2016-2017 жылдары 5 пайызға азайды.
"Негізі құрылыс компанияларын ұзақмерзімді кредиттеу тапшылығы қысқамерзімді қарыз көлемін өсіру арқылы реттеліп отыратын, алайда соңғы екі жылда мұндай қаржы көздерінің де үлесі азайып кеткен. Сондай-ақ, құрылыс компанияларының төлем қабілетінің төмен болу қаупі жоғары болғандықтан, кредиторлар оларға қызығушылық танытып отырған жоқ. Себебі 2016 жылдың екінші жартысында құрылыс компанияларының мерзімі өтіп кеткен қарыздары көбейе бастаған. Ал 2017 жылдың наурызында уақытынан кешіктірілген қарыз көлемі 12 пайыз болды. Егер банктер тарапынан кредит беру бұлай қысқара беретін болса "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылуы біраз бәсеңдеуі мүмкін", - деп атап өтті агенттікте.
Дереккөз: qazaqtimes.com
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024