Алматаның Медеу аудандық соты "Қазкоммерцбанктің" Nakanune.kz тәуелсіз ақпараттық порталымен арадағы шиеленісте банк пайдасына шешім шығарып, меншік иесін 20 млн теңге төлеуді міндеттеді. Kursiv.kz сайты шиеленіс тараптарына және тәуелсіз сарапшыларға жүгініп, ақпараттық ресурсты банкроттық шегіне ысырып отырған сот шешіміне баға беруді сұрады. 7kun.kz әріптестеріміз әзірлеген зерттеуді аударып, назарларыңызға ұсынып отыр.
Айта кетелік, сот арызына 2014 жылдың 15 қазанында Nakanune.kz сайтында жарияланған материал себеп болды. Мұнда атын атамаған оқырманға сілтеме жасалып, Алматыдағы ғимараттың салынуы кезінде банк тазалықты сақтамағаны туралы жазылған болатын. "Қазкоммерцбанктің" БАҚ және қоғаммен жұмыс істеу жөніндегі бөлімнің бастығы Сергей Чикин құрылысты қаржыландыру жобасына қатысты сілтемені банк сайтындағы 2011 жылдың 27 желтоқсанындағы жазбаға көрсеткен. Бұл жазбада жылжымайтын мүлік нарығын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының аясында "Самұрық-Қазына" қорының, Алматы қ. әкімдігінің, Қазкоммерцбанк пен "Global Building Contract" жоба компаниясының ат салысуымен үлестік қатысумен "Сайран" мегаауданының тұрғын үй нысандарының құрылысы аяқталғаны, нәтижесінде "Қуат" корпорациясының соңғы 623 үлескері өз тұрғын үйлерін алатыны туралы айтылған болатын.Құрылыс қалай жүрді?
Жазбада "Самұрық-Қазына" қоры, Алматы қ. әкімдігі, "Қуат" корпорациясы мен Қазкоммерцбанк арасында 2009 жылдың мамыр айында жасалынған Меморандум қатысушыларынан алынған "Қуат" корпорациясының үлескерлері алдындағы барлық міндеттемелер келісілген мерзімде және толық көлемде орындалғаны айтылады. "Global Building Contract" компаниясы 2009 жылдың мамыр айында жобаны іске асырып бастады, құрылыс 2009 жылдың желтоқсанында басталып кетті. Осы кезең ішінде, бұған дейін хабарланғандай, "Қуат" копорациясы құрылысын бастап кеткен кешендердің көбісі пайдалануға берілді: Астана қаласындағы "Гранд Алатау", Алматы қаласындағы "Үш-Төбе", "46 квартал" және "29 квартал", бұл нысандарда 919 үлестес қатысушылар тұрғын үйге ие болды. "Қуат" корпорациясының нысандарын аяқтау жобасымен қатар дүниежүзілік қаржылық-экономикалық дағдарыс уақытында мемлекеттің қолдауымен және Қазкоммерцбанктің қатысуымен "Науаи" шағын ауданының 5 үйі пайдалануға берілді, мұнда жалпы аумағы 51 мың ш. метр 350 пәтер берілді, сондай-ақ жалпы аумағы 81 200 ш. метр 433 пәтері бар "Керемет" шағын ауданының үшінші кезегі қолданысқа берілді. Бұған қоса үлестік құрылысты қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматыда "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорымен (ҰӘҚ) және "Қазкоммерцбанкпен" бірлесіп, компания "Bukhar Zhyrau Towers" тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтады. Жобаның жалпы құны 125 млн долларды қамтыды, оның ішінде 33,3 млн долларды "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ бөлді, Қазкоммерцбанк - 29,7 млн доллар. "Қуат" корпорациясының проблемалық нысандарының құрылысын аяқтауға арналған 20 млрд теңге көлеміндегі бірінші транш Қазкоммерцбанкке 2009 жылдың желтоқсанында берілді. Жазбада транш Алматыдағы "Сайран" мегаауданының "46 квартал", "19 квартал" көп функционалды тұрғын үй кешендерінің (КПТК), "Үш-Төбе" тұрғын үй кешенінің, Астанадағы "Гранд Алатау" КПТК құрылысын аяқтауды қаржыландыру үшін, сондай-ақ жоба-сметалық құжаттаманы және басқа кешендер бойынша дайындық жұмыстарын әзірлеу үшін арналғаны айтылады.Жұмбақ оқырман
Nakanune.kz сайтындағы есімі аталмаған оқырманның хатында Алматы бастапқы жылжымайтын мүлік нырығына талдау жүргізгенде Global Building Contract салған насандар ұсыныстың 60%-ын қамтиды деген тұжырымға келуге болады деп айтылған. "Осыдан келіп, бес сатып алушының үшеуі өздерінің шаршы метрлері үшін жасалатын төлеммен қатар шенеуніктердің пайдасына жасырын салықты төлейді дегенге келеміз. Ал автордың айтуынша, осы бизнес-процестің барлығын "Қазкоммерцбанк" ұйымдастырып отыр, себебі бас мердігердің несиелендірілуі содан тәуелді. "Қазкоммерцбанктің" құрылыс нысандарын қаржыландыру оқиғасы осындай жалғасын тауып отыр. Егер бұл оқиғаның 70-80% шындық деп болжасақ, онда осы оқиғаның кейіпкерлері неліктен үндемегенді жөн көретіні түсінікті", - делінген жазбада. "Қазкоммерцбанктің" баспасөз қызметі Nakanune.kz сайтындағы материалға қатысты шығарылған сот шешімі жөніндегі банк ұстанымына қысқа түсінік берді. "Банк өз беделін күмәнді жарияланымдардан қорғады, Банктің арызы журналистерге емес, редакция саясатын анықтайтын БАҚ меншіктенушісіне қарсы бағытталды. Қалған барлығы - залал көлемі, әрекеттерді саралау - сот құзіреті. Сот осындай шешім қабылдады. Біз бұл шешіммен келісеміз", - делінген банк пікірінде. Kursiv.kz редакциясының банктің баспасөз қызметіне бағыттаған сауалдар тізіміне осындай жауап берілді. Атап айтқанда, тізімде мынадай сұрақтар болды: Nakanune сайтынан "Қазкоммерцбанк" пайдасына 20 млн теңге өндіріп алу туралы қабылданған сот шешіміне қандай баға берер едіңіз? Сотта 2014 жылы банк өзінің жарнама кампаниясына 109 млн теңге, шамамен 586 мың доллар жұмасағаны туралы ақпарат айтылды. Банктің өз имиджін жақсартуға жұмасайтын шамамен алғандағы шығыны қандай және бұл қаражат нақты не нәрсеге жұмасалады және БАҚ-та жарияланған жағымсыз сипаттағы материал имиджге қалай әсер етеді? Соттың сайтта жарияланған мәтінге филологиялық сараптаманы жүргізуге қатысты өтінішті қабылдамауына қатысты шешіміне қандай баға берер едіңіз? Соттар БАҚ-қа қарсы деп және сынды қабылдауға қатысты ықылассыздық банк имиджіне сыни матриалдардан да артық әсерін тигізуі мүмкін деп ойламайсыз ба? Сонымен қатар, соңғы сауалдың мазмұны бойынша банк өкілі "Қазкоммерцбанк" конструктивті сынға құлақ асуға және БАҚ-пен бірлесіп әрекет етуге әрдайым дайын екенін, бірақ жалаға жол бермейтінін жеткізді.Филологиялық сараптамасыз
Сотта интернет-порталдың мүддесін қорғап отырған заңгер Сергей Уткин сотта мәтінге филологиялық сараптаманы жүргізуге қатысты өтініш қабылданбағанына және жарияланған материалда банкті жемқорлыққа қатысты тікелей кінәлау жоқтығына қатысты дәлелдер тыңдалмағанына таңданыс білдірді. Оның айтуынша, болжамды баяндау - қылмыстық тұрғыда жазаланатын әрекет емес және оның жала жабуға теңдестірілуі мүмкін емес. Nakanune.kz сайтының иесі Гузяль Байдалинова портал мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлық қылмысының жасалу мүмкіндігі туралы кез келген болжамды жария қылу қажеттілігіне қатысты үндеуін ұстанып, оқырмен хатында баян етілген деректерді жариялау жөніндегі шешімді қабылдағанын атап өтті. Қазкоммерцбанк өкілі Альмира Алибинова сот отырысының барысында "Қазкоммерцбанк" жыл сайын жарнама кампаниясын өткізетінін және "оқырман жазған деп келтірілген тексерілмеген және шындыққа жанаспайтын жарияланым" бакнтің іскери беделіне елеулі залал келтіргенін мәлім етті. "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау жөніндегі ұйымның басшысы Тамара Калеева оны болған сотта және шығарылған шешімде бірақатар жағдайлар ойға салғанын айта кетті. Біріншіден, арыз берушіге төленуі мінделген сома - 20 млн. Ол, мысал ретінде, Павлодар әкімінің мемлекеттік резиденциясында болған зорлау туралы шулы іс бойынша тараптардың ымыраға келуі кезінде ауыр қылмыс үшін моральдық залал сомасы 5 мың доллар болғанын, ал порталдағы жазба үшін 107 мың доллар салынғанын айта кетті. Ол қазақстандық Фемида жұмысында осындай ауытқуларды түсінбейтінін мәлімдеді. Мұнда тіпті Мақсат Үсеновтың оқиғасы туралы айтылмаған, ол кезде адам қайтыс болып, айыппұл сомасы 30 мың теңге деңгейінде белгіленген-тін. Оны таң қалдырған екінші нәрсе: бұл материал 2014 жылдың қазан айында жарияланған, ал газетке қарсы талап арыз жарты жылдан астам уақыт бұрын бағытталған. "Сонда банк осы жарты жыл ішінде банк оның іскери беделіне залал келіп жатыр деп ойламаған. Бір мезетте ой өзгере қалған ба?", - деп мәлімдеді ол.Тым үлкен сома
Тамара Калеева Nakanune.kz сайтындағы есептеуішке сәйкес, талап арыздың берілуі кезінде даулы жазбаны тек 700 адам оқығанын айтты. Оның пікірінше, сайттың өзі соншалықты танымал емес және аталған материалға 700 рет кіріп-шығу банкке 20 млн теңге залал келтіруі екіталай. "Мен ұрыс-керіс пен журналистермен соттасудан гөрі, банк осы сайтта өз пікірін білдіргенде бұл әрекет банк беделіне жақсырақ әсер етер еді деп ойлаймын. Өз позициясын түсіндіру керек еді. Қазір істі сотқа дейін жеткізбеу үшін медиация, тараптардың ымыраға келу құралдарын пайдалану қажетілігі туралы жиі айтылып жатыр. Менің ойымша, егер банк шиеленіс жағдайын шешудің осындай өркениетті механизмін пайдаланса, даналығын танытар еді. Негізі қызықты жайт, дағдарыс кезінде банктерде қиындықтар туындаған кезде олар бірінші кезекте БАҚ-қа барды, өз проблемаларын билікке жеткізуді сұрады, ал егер біреулер олар туралы жағымсыз бір нәрсе жазса, олар дәл сол журналистермен соғысып бастайды", - деді ол. Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев жауап берушіге төлеуге міндеттеген 20 млн теңгеге тең сома кез келген қазақстандық редакция үшін тым ауыр сома екенін атап өтті. Ол бұл сома банкроттыққа әкеліп соғатынын айтты. Ол бастапқыда тәуелсіз порталды банкроттыққа дейін жеткізу мақсаты болмады деген үмітін білдірді. "Мен бірнеше рет БАҚ-қа қарсы 5 млн теңгеден асатын арыздарды бағыттамауды ұсындым, бұлай бізде кез келген газетті немесе порталды жауып тастауға болады. Мұны пайдасына асыратындар пайда болуы мүмкін. Осының бәрі журналистерді тұсап тастайды және өзіндік цензураға әкеліп соқтырады", - дед ол.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024