Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz – Қорғаныс министрлігі әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша ҚР Қарулы Күштерінің XVI Спартакиадасы аясында ЦСКА оқу-жаттығу орталығында елордалық журналистер мен блогерлер үшін баспасөз турын ұйымдастырды.
Баспасөз турының негізгі мақсаты - белсенді және салауатты өмір салтын, әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өзара іс-қимылды одан әрі сапалы нығайту.
Іс-шара барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шаңғы жарысына қатысып, атақты қазақстандық шаңғышы, Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов жаттыққан шаңғы базасының инфрақұрылымымен танысты.
"Біз тағы да Отан қорғаушыларымызға үлкен құрметпен қарадық. Осындай іс-шараларды өткізгені және жағымды эмоциялары үшін Қорғаныс министрлігіне үлкен рахмет. Бүгін журналистер күнделікті жаттығуларда әскери қызметшілерге қаншалықты қиын екенін және осындай ауқымды жарыстарда өз командасының намысын қорғаудың жауапкершілігін көрді", - деді Toppress.kz агенттігінің өкілі Светлана Кузнецова.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024