Нұр-Сұлтан. 26 мамыр. 7kun.kz – БАҚ туралы заңды қайта қарау үшін жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі президенттің медиа заңнаманы қайта қарау жөніндегі тапсырмасын орындау үшін үкіметтік емес ұйымдар мен журналистік қоғамдастықтың бастамасы бойынша арнайы жұмыс тобының құрамын бекітті.
Жұмыс тобына үкіметтік емес ұйымдардың, телеарналардың, баспа басылымдарының, интернет-ресурстардың және жарнама агенттіктерінің өкілдері кірді.
Бұл құрам азаматтар мен ұйымдардың жіберген ұсыныстарын қарауды, сондай-ақ, қолданыстағы нормаларды қайта қарауды жоспарлап отыр.
Министрліктің мәліметінше, жұмыс тобының құрамына кандидатураларды енгізу бойынша қосымша ұсыныстар түсіп жатыр екен. Ведомство бұл ұсыныстардың барлығын қарастырып, қажет болған жағдайда кандидатураларды тікелей жұмыс тобының отырыстарына қатысу үшін шақырамыз деді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024