Алматы. 6 қазан. 7kun.kz – Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасына көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен қатар, "жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар" сондай-ақ «I және II топтағы мүгедектер» санаттары бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтар да қатыса алады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Жаңа қосылған санаттар бойынша Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушалар өз өтініштерін жаңа байқау жарияланған уақытта жолдай алады.
«Тағы бір жағымды жаңалық – «Бақытты отбасы» бағдарламасында табысқа шектеу қойылмайды. Бұған дейін отбасы мүшелерінің соңғы 6 айдағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен, яғни 115 905 теңгеден аспауы керек деген талап болатын. Мысалы, көпбалалы отбасы отағасының жалақысы белгіленген нормадан 200 теңгеге асып кетсе, бұл отбасы қолжетімді несиеге қол жеткізе алмайтын», - деді Алматы қаласы «Отбасы банкі» АҚ филиалының директоры Данагүл Түсіпова.
Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасы қатысушыларды несиенің максималды сомасымен шектемейтін болады. Осыған дейін әр аймаққа байланысты ол 10 миллионнан 15 миллион теңгеге дейін еді. Енді несие сомасы пәтер құнына негізделетін болады және тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасынан қалыптасады. Бұл сома әр аймақтағы пәтер құнына байланысты болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024