Алматы. 21 қараша. 7kun.kz - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланы 2050 жылға дейін дамыту стратегиясының жобасын көпшілік талқылауды ұсынды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін тек алматылықтар ғана емес, Алматының болашағына бейжай қарай алмайтындардың барлығы енгізе алады», - делінген хабарламада.
Ұсыныстарды www.Almaty-2050.kz арнайы сайты арқылы беруге болады. Сайт пен қалалық газеттерде Стратегияның мәтіні жарияланды.
Айта кееййік,2050 жылға дейінгі даму Стратегиясында 7 стратегиялық басымдық қамтылған:
- Шетсіз қала;
- «Ақылды» қала;
- Тең мүмкіндіктер қаласы;
- Қауіпсіз қала;
- Жасыл қала;
- Жаһандық іскерлік орталық;
- Мәдени креативті қала.
Бұған дейін қала әкімі Б. Сағынтаев өздерінің пікірлерін ұсынған және бірқатар проблемалық мәселелерді атап өткен мегаполистің сарапшылар қауымдастығымен бірқатар кездесулер өткізген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024