Алматы. 25 қазан. 7kun.kz - 2017 жылдың 1-шілдесіндегі Жамбыл облыстық сотының қаулысына сәйкес Бас прокуратура Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға қатысты тергеу жүргізді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.
2007 жылғы 3-қыркүйегіндегі Тараз қалалық сотының үкімімен Мұратхан Тоқмәди ҚР ҚК 101-бабының 1-бөлігі бойынша (1999 жылғы редакцияда) 2004 жылы орын алған аң аулау кезінде Ержан Тәтішевтің абайсызда өліміне себеп болған әрекеті үшін 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды (қылмыстық жазадан рақымшылық актісі негізінде босатылды). "Өз кезегінде жинақталған дәлелдемелердің жиынтығы негізінде (куәлардың, күдікті М. Тоқмәдидің жауаптары, сараптама қорытындысы және т.б.) шын мәнінде Е.Тәтішевтің өлімі абайсызда қарудың атылуынан емес, қасақана әрекеттің салдарынан орын алғаны дәлелденді. Осыған орай 2017 жылдың 25-қазанында ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 502,503-баптары незінде процессуалдық прокурор М.Тоқмәдиге қатысты үкімді жоюға негіз бар деген қорытынды мен қылмыстық істі жаңадан ашылған мән-жайларға қатысты қозғау туралы өтінішхатты Жамбыл облыстық сотына жолдады", - делінген ҚР Бас прокуратурасы жіберген хабарламада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024