Алматы. 1 қараша. 7kun.kz – Қазақстанда «Баспана Хит» жаңа ипотекалық бағдарламасы бойынша кредит беріле бастады, - деп хабарлайды Krisha.kz.
«7-20-25» бағдарламасынан айырмашылығы, тұрғын үйді таңдау кезінде бұрын пайдаланылған пәтерді сатып алуға болады, баспананың бар-жоғы ескерілмейді, бірақ бұл ипотека қымбатырақ – пайыздық көрсеткіш Ұлттық банктің базалық ставкасына байланысты болады.
Қазіргі таңда номиналды түрдегі сыйақы 11%-ды көрсетіп отыр. Бірақ банктерге «Баспана Хит» ипотекасына комиссия белгілеуге рұқсат берілген жағдайда жылдық тиімді мөлшерлеме 11%-дан жоғары болатыны сөзсіз.
Қазақстандық екінші деңгейлі банктердің бірі қазірдің өзінде өтініш қабылдауды бастады, онда пайыздық мөлшерлеме 11,9%-ды құрайды.
Бағдарлама ресми табысы бар 23-60 жас аралығындағы қарыз алушыларға бағытталған. Алдын-ала төлем 20 пайыздан кем болмауға тиіс, ал мерзімі 15 жылдан аспауы керек. Мерзімінен бұрын өтеуге болады.
«7-20-25» бағдарламасы секілді тұрғын үйдің максималды құны шектеулі. Астана, Алматы, Ақтау, Атырау үшін лимит 25 миллион теңге, өңірлер үшін – 15 миллион.
Еске сала кетейік, «Баспана Хит» жобасының іске қосылғаны туралы қыркүйек айында жарияланды.