Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Баспана хит" бағдарламасымен 30 өтінім мақұлданды

"Баспана хит" бағдарламасымен 30 өтінім мақұлданды

Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — 2018 жылдың 27 қарашасындағы жағдай бойынша "Баспана хит" бағдарламасымен несие алуға 80 қазақстандық өтініш берген.

Оның ішінде, 257 млн теңгеге 30 өтінім мақұлданды. 30 өтінімнің 14-ін Астана тұрғындары ұсынған. Қазақстан бойынша ипотекалық кредиттің орташа сомасы 8,5 млн теңгені, Астана қаласы бойынша — 11 млн теңгені құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, " Баспана Хит " азаматтарға жылына 11% мөлшерінде  ипотекаға екінші тұрғын үй алуға мүмкіндік береді (пайыздық мөлшерлеме Ұлттық банктің базалық ставкасына байланысты). Қазіргі уақытта барлық өтінімдер "Цеснабанк" АҚ тарапынан қабылданды және мақұлданды.

Бұдан басқа, бүгінгі күннен бастап "Қазақстан Халық банкі" АҚ  "Баспана Хит"бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдайды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың желтоқсан айында бағдарламаға Еуразиялық Банк, ЦентрКредит Банкі, Forte Bank, Bank RBK және Сбербанк қосылады. Сбербанк "7-20-25" және "Баспана Хит" ипотекалық несиелеу бағдарламаларын бір уақытта іске қосады.

Похожие материалы