Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылы «Атамекен» ҰКП «Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін 160 аудан мен 40 қалада 28 345 жұмыссыз және өзін-өзі қамтығандар оқыды. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры - Жаппай кәсіпкерлік және микроқаржыландыру департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев Forbes.kz тілшісіне берген сұқбатында айтты.
2018 жылы жоба ауқымы екі есе өсті: алғаш рет барлық аудандар, облыс орталықтары мен шағын қалалар қамтылды. Бұл жолы қатысушылар 28 345 болса, соның ішінде 19 мың 450 адам (68%) бизнес- жобаны қорғады, 768 бизнес -жоба іске қосылды.
"Бағдарлама бойынша шағын қаржыландыруға бөлінген қаржының көлемі 2018 жылы өткен жылмен салыстырғанда артқан. Мысалы, 2017 жылы ауылдарда шағын қаржыландыру үшін 27,1 млрд теңге, ал 2018 жылы 44,7 млрд теңге бөлінді. ҚР Президентінің «Бес әлеуметтік бастама» атты жолдауының арқасында 20 млрд теңге (ауылдарда – 13,9 млрд теңге, қалаларда – 6,1 млрд теңге) көлемінде қосымша қаржы бөлінді. «Бес әлеуметтік бастама» аясында бөлінген қаржыны есепке алғанда шағын қаржыландыру үшін ауылдар мен қалаларда (ҚР АШМ, ҚР ҰЭМ арқылы) 62 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді" , -деді «Атамекен» өкілі.
Бір бизнес-жобаның орташа құны – 3,6 млн теңгені құрайды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес, кәсіптерін іске қосқан «Бастау» жобасының барлық түлегінің 92,9%-ы 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық шегерімін жасады.
2018 жылы 7692 бастапқы бизнес-жобалар іске қосылды. "Бастау" жобасы бойынша 11 000 жұмыс орны құрылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024