Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz - Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Богданов елдімекенінде "АВS-мұнай" ЖШС мұнай өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақпарат жазады.
Аудан әкімі Мұрат Мұқаевтың сөзінше, ол зауытта жоғары сапалы битум, дизельді отын, керосин және бензин шығарылады. Зауыт шетелдік инвесторлар қаржысына салынады, жоба құны - 400 млн доллар. Құрылыс 3 жылға созылады деп жоспарланған, 500 адам жұмысқа тартылады.
Кәсіпорын жұмысын бастағаннан кейін 200 адам жұмыс істейді, жартысына жуығын жергілікті тұрғындар құрайды. Құрылыс жұмыстары кезінде Алғабас бекетінен бастап Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралықта жол салу жоспарланған.
"Жалпы алғанда ауданда 7-8 жоба жүргізіледі. Бұл зауыт - сол жобалардың бірі", - деп атап өтті аудан әкімі Мұрат Мұқаев.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024