Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Батыс Қытай – Батыс Еуропа дәлізінің Ақтөбе облысы аумағына 7 нысан салынады

Батыс Қытай – Батыс Еуропа дәлізінің Ақтөбе облысы аумағына 7 нысан салынады

Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық дәлізінің Ақтөбе облысы аумағына 7 нысан салынады. Жолаушылардың тынығу, тамақтану орындары халықаралық талапқа сай бой көтереді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық дәлізі трассаның Ақтөбе облысы аумағына тиесілі 628 шақырымы жөнделген. Ырғыз, Мәртөк, Әйтеке би мен Хромтау аудандарын қамтитын жол бойында 32 нүкте бар. Олардың барлығын ұлттық стандарттың А, В, С, D категориясына сәйкестендіру, жаңа кешендер салу үшін кәсіпкерге әкімдік, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ көмектеседі.

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер басқармасы, туризм бөлімінің бас маманы Жанна Бүркітбаеваның айтуынша, қазіргі күні Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолында 32 кешен бар болса, олардың көбісі  ҚР Ұлттық стандартына сай емес. Талап бойынша А категориясында шағын ауылдың бір жерге тоғысуы қажет. Ол жерде жатын орны 25-тен кем болмайтын қонақ үй, гигиеналық тазалық бөлмесі, жанар-жағармай бекеті, дүкен мен қоғамдық тамақтану орны, көлікке техникалық қызмет көрсету, жуу орталықтары, жеңіл, жүк көліктері мен автобустарға арналған автотұрақ, сауда-ойын сауық кешені мен медициналық қызмет көрсету бекеті,  далалықта көңіл көтеру орны болуы шарт. Бұл жерде күзет қызметі де қарастырылады. Барлығы заманауи үлгімен жабдықталуы қажет. Ал өзге В, С, D категорияларында бұл талаптар мен міндеттер азаяды.

Похожие материалы