Алматыда әкім Бауыржан Байбектің төрағалығымен Аймақтық үйлестіруші кеңестің отырысы өтті деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Күн тәртібінде Алматыны 2015-2019 жылдардағы Индустрияландыру картасындағы индустриалды-инновациялық жобаларға қосу және Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта жүзеге асырылатын жобаларды іріктеу мәселелер қаралды. Әкім индустариялды аймақтың және жалпы Алатау ауданының маңыздылығын атап өтті. Оның сөзінше, бұл аумақта жүзеге асырылатын жобаларды іріктеу кезінде экспортқа шығу пен импорт алмасу қабілеті маңызға ие болуы қажет. "Мемлекет басшысының тапсырысындағы барлық жобалар жоғары технологиялы өндіріске негізделуі қажет. Жерді тек экспортқа шығаруға қабілеті бар өндірістерге бөліп беру керек. Ондай жобалар бар, бірақ жеткілікті емес. Осы талаптар қатаң сақталып, кейін тек бос тұратын жобалар таңдалмауы тиіс", - деді Бауыржан Байбек. Осы арқылы, жалпы құны 62,6 млрд теңге болатын 22 жаңа жоба таңдап алынды. Алматыдағы 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына жалпы сомасы 80,2 млрд теңге болатын 29 жоба кіреді. Олар пайдалану кезінде 4 мың адамды, құрылыс кезінде 5,5 мың адамды жұмыспен қамтуы қажет.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024