Алматы. 28 қараша. 7kun.kz - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қар тазалау мәселесі бойынша жиналыс өткізді. Оған аудан әкімдері мен басқарма жетекшілері және қалалық коммуналдық қызмет өкілдері қатысты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
17-21 қараша аралығында қала аумағынан 260 мың шаршы метрге жуық қар тазаланды. Алайда, табиғат ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жасаған коммуналдық қызмет жұмысы қанағатсыз деп бағаланды. Сондықтан басқарма жетекшісі Эльдар Килдібаев қызметінен босатылды.
«Бір апта өтсе де әлі жол қиылыстары мен тротуарлар тазаланып бітпеді. Қала халқы өздерін жайлы сезінуі үшін жұмысты барынша тыңғылықты атқару керек. Қоғамдық көліктердің жолдарын тазалаумен қоса, ПИК қызметін барынша күшейтуі қажет »,- деп атап өтті Б.Байбек.
Жиналысты қорытындылай келе қала басшысы аудан әкімдеріне келесі жолы мұндай жағдай қайталанбас үшін алдын-алу шараларын күшейтуді тапсырды.
Айым ЖАНДОСҚЫЗЫ «7»
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024