Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz - Ұлттық Банк жұмысының негізгі басымдығы ақша нарығындағы нарықтық пайыздық мөлшерлемелерді қалыптастыруға бағытталған. Бұл туралы бүгін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов Парламент Сенатында мәлімдеді.
2016 жылы Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 17%-дан 12%-ға дейін жоспарлы түрде төмендетті.
"Ол сондай-ақ инфляцияның 8%-дан төмен деңгейде тұрақтануы Ұлттық Банкке 2017 жылғы 21 ақпаннан бастап базалық мөлшерлемені 12%-дан 11%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Жыл бойы ақша нарығының таргеттелетін мөлшерлемелері пайыздық дәліз (базалық мөлшерлемеден +/- 1%) шегінде болды", - деді Ахметов.