Алматы. 23 қазан. 7kun.kz - Алматыда 28-29 қазанда қазақстандық ІТ-командалардың қатысуымен BCC Innovation Challenge банктік хакатон форумы өтеді. Бұл туралы ЦентрКредит банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ең үздік стартаптар Центркредит банктің серіктесі бола алады. Айта кететін бір жайт, хакатон форумында алғаш рет қазылар алқасы ретінде ҚР Ұлттық банкінің өкілдері қатысады.
"Финтех (қаржылық технологиялар) – өте қарқынды дамып келе жатқан секторлардың бірі. Финтех-стартаптар болса банктік саланың қызметін едәуір жақсартады", – дейді банктің басқарма төрағасы Ғалым Хусаинов.
Хакатон – бұл hack және marathon – хакерлік марафон деген екі сөзден құралған. Хакатонның форматы бойынша командалар 24 немесе 48 сағат ішінде идеядан бастап өнімнің прототипіне жетуі тиіс.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024