Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын түсіндіру мақсатымен өңірлерге сапарларды жалғастыру аясында Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова және бірқатар министрлер Ақтөбе облысының азаматтарымен кездесті.
Жұмыс сапары «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ бөлімшесі – көмек алуға құқылы отбасыларға мемлекеттік қызмет көрсететін «Халық кеңсесінің» дайындығын тексеруден басталды. Сондай-ақ,
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы «Жастар сарайына» барып, қызметімен танысты.
Кейіннен үкімет мүшелері өңір халқымен кездесті. Азаматтар алдында сөз сөйлеген Премьер-Министрдің орынбасары Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шаралары халықтың лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету мен Қазақстанды әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде дамытуға бағытталғанын атап өтті.
«Оларды орындау үш мақсатқа қол жеткізуді көздейді: халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын қорғау және табысты арттыру, тұрғын үй мәселелерін шешу, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту, сондай-ақ, өңірлерді дамыту», — деді Г. Әбдіқалықова
Кездесуден вице-премьер мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев облыс орталығының тұрғындарын жеке қабылдады. Бұған қоса, Г. Әбдіқалықова көп балалы және аз қамтылған отбасыларға барып, онда мемлекет ұсынатын жаңа әлеуметтік қолдау шараларын түсіндірді. Жергілікті атқарушы органдарға мұқтаж отбасыларға көмек көрсету туралы тапсырмалар берілді, сондай-ақ олардың әлеуметтік заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстары тыңдалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024