Экономика
IT, Технология
Бейжіңдегі парадқа қатысқан әскерилерді ҚР Қорғаныс министрлігі марапаттады
Бүгін, Астанада ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Жапониямен соғыстағы қытай халқы Жеңісінің 70 жылдығы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа қатысқан қазақстандық әскери қызметшілерді марапаттады.
Қазақстандық әскерлердің атынан парадқа ҚР Қорғаныс министрлігінің құрмет қарауылы ротасы қатысты. Ерекше көзге түскен сегіз әскери қызметші ҚР Қорғаныс министрінің қолынан «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлес үшін» медалін алды. «Сіздерге ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының атынан алғыс білдіргім келеді. Жүктелген міндеттерді абыроймен атқардыңыздар, біз Сіздерді мақтан тұтамыз. Барша Қазақстан халқы осы парадты тамашалады және еліміздің Қарулы Күштерін мақтан етті. Осынау парадқа қатысудың маңызы ерекше. Өйткені, Қытай таяу көршіміз ретінде екі ел арасында мығым достық қарым-қатынас орнаған. Парадқа қатысу арқылы сіздер үлкен тәжірибе жинақтадыңыздар», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов. «Біз Бейжіңде өтетін шеруге бір айға жуық Астанада және 10 күндей Қытайда дайындалдық. Мұндай ауқымды іс-шарада бүкіл әлем алдында елімізді, Қарулы Күштерімізді көрсету біз үшін үлкен мақтаныш. Бізге әскерімізді, саптық дағдымызды жоғары деңгейде көрсетуіміз қажет еді. Жоғарғы Бас Қолбасшы, еліміздің Қорғаныс министрі, әлемдік державалардың көшбасшылары алдында біз лайықты деңгейде адымдап өттік деп ойлаймын», - деді ҚР ҚМ құрмет қарауылы ротасының командирі Мақсат Байжігітов. Парадқа 17 елдің әскери қызметшілері қатысты. Қазақстанның Қарулы Күштерінен 76 әскери қызметші қатысты.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024