Астана. 31 мамыр. 7kun.kz - "Bek Air" IOSA (Халықаралық әуе қатынас ассоциациясының эксплуатациялық қауіпсіздік аудитінің бағдарламасы) сертификатын алуға әзірше ниетті емес. Бұл туралы ҚР Инвестиция мен даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов айтты деп хабарлайды Today.kz
Оның айтуынша Астана әуежайында ұшақтың апатты жағдайда қонуынан кейін бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен жиналыс өткен болатын. Жиыннан соң жасалған хаттамаға сәйкес, «Bek Air» әуе компаниясы қауіпсіздік сақтауға бағытталған шаралар өткізу мен жақын арада IOSA аудитін жүргізуге міндеттелген болатын. Алайда бұл үшін арнаулы уақыт пен ресурс қажет. Ал, ауе компаниясы сертификат алуға әлі құлшынысты емес екен. «Bek Air» тәуелсіз аудиторларды шақыртып, олармен келісім-шартқа отырып, IOSA аудитынан өтеді. Бірақ, менің білуімше, компания әлі аудиттан өтуге ниетті емес», - дейді Сейдахметов. Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Қызылордадан Астанаға ұшып келе жатқан Bek Air ұшағы Астана әуежайына апатты жағдайды қонған болатын. 121 адам отырған ұшақ сәтті қонып, ешкім жарақан алған жоқ. Ал ұшақты басқарған ұшқыш Дмитрий Родинге ҚР Президенті бұйрығымен «Халық қаһарманы» атағы берілген болатын.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024