"Бек Эйр" әуе компаниясы өзінің ұшақтарын тасымалдауға байланысты қазақстандық кеденшілермен соттасып жатыр. Бұл туралы компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz
Төрағаның сөзінше, 2013-2014 жылдары "Бек Эйр" компаниясы қаржы лизингі арқылы мемлекетке 4 ұшақ алып келген. Ал кеденшілер техниканы кедендік рәсімдеуге қатысты шағым түсірген. Аталған шағымдағы қаржы көлемі 600 млн теңгені құрайды.
"Біз алып келген ұшақтардың барлығы Қазақстанда тіркелген. Оларға басқа көліктер сияқты салықтар төленеді. Бірақ неге екені кеденшілер ұшақтар уақытша тасымал ретінде тіркелу керек деп отыр. Біз дау кезінде Кедендік одақ дайындаған құжаттар мен үкіметтің қаулысына сүйенеміз. Олар өздерінің шағымында "Бек Эйр" ұшақтардың иесі емес, оның үстіне ол уақытша тасымал ретінде тіркелу керек деген дәлелдер келтірді. Әрине, біз әзірге ұшақтың иелері бола алмаймыз. Алдымен техника үшін толық есеп айырысуымыз керек, содан кейін барып рәсімдейміз", - деді Нұрлан Жұмасұлтанов.
Оның айтуынша, 2009 жылдың 27 қарашасындағы Кедендік одақтың №130 шешімінде қандай ұшақтар тасымалдаудағы баж салығынан босатылатыны туралы айтылған.
"Қолдағы құжаттар арқылы істің мән-жайы түсіндіріліп жатыр. Біз осыны басшылыққа аламыз", - деді ол. Қазір сот істі қарап жатыр. Кезекті сот отырысы алдағы күндері болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024