Нұр-Сұлтан. 14 шілде. 7kun.kz – Бекжан Пірматов ForteBank басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Шешім банктің директорлар кеңесінің отырысында қабылданды.
Бекжан Пірматов – кәсіби банкир. Оның банк секторында, оның ішінде HSBC және EBRD сияқты қазақстандық және халықаралық қаржы институттарында 18 жылдық тәжірибесі бар. Ол «ЦеснаБанк» және First Heartland Jysan Invest басқармаларын басқарды. Ол Forte командасына 2020 жылы Басқарма төрағасының орынбасары ретінде қосылды.
Бекжан Пірматов Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің (Нархоз университеті) және Джордж Вашингтон университетінің (АҚШ) түлегі.
«Бекжан Пірматов Forte-де жұмыс істеген уақыт ішінде корпоративтік бөлімше, ШОБ, қазынашылық және бөлшек сауда сегментін қоса алғанда, бизнестің барлық негізгі бағытын сәтті басқарды. Директорлар кеңесі Бекжанды басқарма төрағасы етіп бекіту туралы шешім қабылдады», – деді ForteBank директорлар кеңесінің төрағасы Елдар Әбдіразақов.
Айта кетейік, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ForteBank-тің негізгі көрсеткіштері жоғары көтерілді. Осылайша, оның активтері 15,8%-ға, несие – 27,5%-ға, депозиттер – 4,5%-ға өсті. Басшылықтың есептері бойынша таза пайда 43,2 млрд теңге болды.
Осы жылдың 8 шілдесінде халықаралық S&P Global Ratings агенттігі ForteBank-тің ұзақ мерзімді несие рейтингін B+-дан BB- деңгейіне дейін көтерді. Рейтинг болжамы тұрақты. Агенттік сонымен қатар банктің қазақстандық ұлттық рейтингін «kzBBB+» деңгейінен «kzA-» деңгейіне көтерді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024