Алматы. 10 қазан. 7kun.kz - Белгілі адвокат Джохар Утебеков кеше Фейсбук әлеуметтік желісіне әріптестері – Алматы қалалық адвокаттар коллегиясы тарапынан қудаланып жатқанын жазды.
«Мен өзім мүшесі болып табылатын Алматы қалалық адвокаттар коллегиясынан кезекті қоқан-лоқы алдым. Үнсіз қалу мен қудалауға шыдау жалықтырды. АҚАК президиум мүшесі Александр Розенцвайг фейсбукте көпшілік алдында балағаттап, мені біиліктің қудалап жатқанына мазақпен қарады. Ең соңында ол адвокатурадан кетуді ұсынды. Президиум бұл жиіркенішті ...қолдады», - деп жазды ол.
Оның айтуынша енді оны және әйелін жалпы чатта құқықтық кеңес меңгерушісі қоқан-лоқы көрсетуде екен. Сондай-ақ жақында республикалық кеңестен шығарып тастаған.
Адвокаттың жазуынша бұл қысым көктемде басталған. «Қазір пышақтың жүзінде жүрмін»,- деп жазған ол «ары қарай үнсіз отырмаймын»,- дейді.