Мәскеу. 20 сәуір. 7kun.kz – Мәскеуде Газпромбанктің бұрынғы вице-президенті 51 жастағы Владислав Аваев пен әйелі, 13 жастағы қызының денесі табылды, деп жазды ресейлік БАҚ.
БАҚ-ның жазуынша көлік жүргізуші мен бала күтуші пәтерге кіре алмай банкирдің үлкен қызына хабарласқан. Кейін үш адамның денесі табылған.
Алдын-ала болжам бойынша Авеев әйелі мен қызын атып өлтіріп, өзіне қол салған. Тергеу кезінде анықталғандай банкирдің қолында пистолет болған және үйден 13 қару табылған.
БАҚ бұған себеп - қызғаныш болуы мүмкін дегенді жазады. Әйелі көлік жүргізушімен көңілдес болып, аяғы ауырлаған. Мұны күйеуі біліп қойған соң жүргізуші жұмыстан кетіп, отбасында жанжал туындаған.
Банкир шетелге қашпақ болған, бірақ үлгермей қалғандеген де болжам жазылуда. Алайда Аваев соңғы кезде банкке қатысы жоқ, ООО «Карбоникс» жартысына иелік еткен және ООО «РТК» («РТ-Карбон») бс директоры және иесінің бірі болған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024