Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz - Белгілі қазақстандық бизнесмен Марғұлан Сейсембаев шетелге кетіп қалды. Бұл туралы ол бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бизнесменнің жазуынша ол өзін құқық қорғау органдары жауапқа ала бастағандықтан елден кетіп қалған. Атап айтқанда Сейсенбаевты КМобайл мен Бител компанияларындағы бұрынғы серіктесі Ескендір Ерімбетов ісі бойынша жауапқа шақыра бастаған.
Айта кетейік, Ерімбетов 2017 жылдың 11 қарашасында ақша боспалау айыбымен тұтқындалған еді.
Сейсенбаевтың жазуынша оны Мұхтар Әблиязовта заңгер болып істеген әкпесі Бота Жәрдемәлі үшін тұтқындауы мүмкін.
"Өйткені Ескендірдің Қазақстанда бизнесі жоқ", деп жазады Марғұлан Сейсембаев.
Тергеу тобы жауапқа алу барысында Марғұлан Сейсембаевтан КМобайл мен Бителді сату заңды жүзеге асқанын құжат жүзінде дәлелдеуді талап еткен.
"Сату, сатып алу 2002-2006 жылдары болғандықтан, қазір менде дәлелдейтін құжат жоқ. Мен барлық жерде өзімнің түйе еместігімді дәлелдеп шаршадым. Англия сотына, Швейцарияның бас прокуратурасына, Лихтенштейн сотына, қазақстандық сотқа аталған компанияларды сатудан түскен қаражатты менен тартып алған Альянс банкке инвестициялағанымды дәлелдегенмін", деп жазады Сейсембаев.
Оның жазуына қарағанда олар КМобайлды [ұялы байланыс операторы] 2002 жылы 12 млн. АҚШ долларына сатып алған.
"Бұл кезеңде компания америкалық Мотороллаға 175 млн доллар, қазақстандық банктерге 62 млн.доллар қарыз болған. Барлығы 237 млн АҚШ доллары. Компанияның 220 мың абоненті, Түркиядан әкелінген ескі жабдығы болды. Біз оны 425 млн АҚШ долларына ресейлік Вымпелкомға [Билайн] саттық. Ол кезде компанияның 75 млн доллар қарызы қалған. Абонент саны 670 мыңға жеткен. Жабдықтың 70% жаңарған еді. Бителді Ерімбетовтың офшорлық компаниялары 2005 жылдың басында 110 млн.долларға сатып алды. Мен соинвестор ретінде қатыстым. Оның да жабдықтары ескі, қарызы көп болатын. 2006 жылы біз Бителдің 51% акциясын ресейлік МТС компаниясын150 млн.долларға саттық. МТС қалған 49% акцияны бір жылдан кейін сатып алуға шарт жасады. Бірақ кейін келісімді орындамағандықтан, біз оларды сотқа бердік. Қайталаймын, екі компанияны сатудан түскен қаражатты менен тартып алған Альянс банкке инвестицияладым", деп жазады белгілі бизнесмен.
Ол осы жазбасы арқылы өзінің жасыратын ештемесі жоғын әрі елден не үшін кеткенін айтқысы келетінін жазған.
Енді ол ары қарай шетелде қалып бизнеспен, қоғамдық істермен айналыспақ.
Жазбасында отбасы мен өзінің қауіпсіздігіне кепілдік болса Қазақстанға қайта оралатын ойы барын, отанын қатты сүйетінін, Қазақстандағы барлық бастамаларын тоқтататынын жазған.
"Ал құқық қорғау органдарының тергеуіне Скайп арқылы қатысуға дайынмын", деп жазады шетел асқан бизнесмен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024