Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Белгілі джаз әншісі Жанна Саттарова қайтыс болды

Белгілі джаз әншісі Жанна Саттарова қайтыс болды

Алматы. 5 мамыр. 7kun.kz - Белгілі джаз әншісі Жанна Саттарова қайтыс болды, - деп хабарлады tengrinews.kz.

Мұны әншінің туыстары да растады. "Жанночка умерла", - деп жазды әншінің сіңлісі Гаухар Саттарова Facebook желісінде.

Еске салайық, белгілі әнші Жанна Саттарованың денсаулығы 2014 жылдың қазанында күрт нашарлаған еді. Бұл туралы хабарлаған сіңлісі Гаухар Саттарова Facebook желісінде көмек сұраған. Одан бері әртіске химиялық терапияның 12 процедурасы тағайындалған. Ол оның алтауынан сәтті өткен. Биылғы жылдың ақпан айында қазақстандық әртістер қайырымдылық акциясын өткізіп, түскен қаражатты Жанна Саттарованың еміне аударған болатын. Қайтыс болған сәтте Жанна Саттарова қатерлі ісіктен Кореяда емделіп жатқан.

Жанна Саттарова - Қазақстанда джаз стилінде ән айтатын әншілердің бірі. Тыңдармандары оның терең әрі сезімге толы даусын, сонымен қатар, әсем келбетін басты ерекшелігі деп біледі. Ол әлемдік хиттерді Қазақстанда ғана емес, шетелде де орындаған.

https://youtu.be/kGAhlfY6LsI

Похожие материалы