Белгілі оператор Азамат Дулатовтың қатысуымен болған төбелес видеоға түсіп қалды
Астана. 5 қазан. 7kun.kz – Белгілі оператор және продюсер Азамат Дулатов балаларға арналған ойын-сауық орталығында қызметкерді ұрып жіберген. Бұл мәселеге қатысты Алматы полициясы пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Видеоны Kozachkov offside Telegram-арнасы жүктеді.
«Кеше Дулатов мырза Алматыдағы балаларға арналған ойын-сауық орталығында шу шығарды. Бастапқыда оның әйелі сөзге келіспей, артынша ол Азаматты шақырған. Видеода Дулатов бірінші болып әкімшіні ұрып жібергенін, Каспий терминалын лақтырып, артынан әйелінің артына кеткенін көруге болады», – деп жазды Михаил Козачков.
Осылайша, оператор мен әкімші төбелесіп қалған.
Қазіргі уақытта аталған фактіні Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі тексеруде
«Екі тарап та полицияға арызбен жүгінді. Ойын-сауық орталығы қызметкерінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Материал ҚР ӘҚбК-нің 73-1 бабы бойынша тіркелді», - деді полицияда.
Азамат Дулатов tengrinews тілшісіне берген түсініктемесінде орталықта оның әйелін қорлағанын алға тартты.
«Әдетте мекемелерде тамақ қалдықтарын өздері жинайды, бірақ оларда осындай ережелер болғандықтан, әйелім өзі тазалауға келісті. Әкімші оған жаман сөздер айтып, қызымыздың алдында дөрекі сөйлейді»,– деді Азамат Дулатов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024