Белгілі PR-шы мемлекеттік тілді менсінбейтін кәсіпкердің үстінен арыз түсірді
Алматы. 20 қазан. 7kun.kz – Белгілі PR-шы Айбар Олжай ChocoFamily брендінің негізін қалаушы кәсіпкер Рамиль Мухоряповты сотқа берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Әлеуметтік желілерде Мухоряповтың Қазақстанға келген ресейліктерге қазақ тіліне қатысты ойын айтып айтқан видео тарады. Онда ол қазақ тілінде сөйлесуді мәдениетсіздік деп санайтынын айтты.
«Егер сіз орысша сұрап, сізге қазақша жауап берсе, ол ұлтшылдық, әрі төмен мәдениеттің белгісі», – деді Рамиль Мухоряпов.
Бұл сөздер қазақтілді аудиторияның ашу-ызасын туғызды. Желі қолданушылары оның ел алдында кешірім сұрауын талап етуде.
Кейіннен бизнесменннің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында аталған мәселеге қатысты пікір білдірді.
«Достар, мен қазақ тілін құрметтеймін, Қазақстан — менің Отаным! Менің сөздерімді дұрыс түсінгендеріңізді қалаймын. Мен кез келген қысымға қарсымын», – деп жазды Мухоряпов.
Ал белгілі PR-шы Айбар Олжаев PR-шы бұл мәселені жылы жаба салуға болмайтынын айтып, Facebook-тегі парақшасында Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне айтқан сөзіне құзырлы органдар тексеру жүргізіп, сараптама тағайындауы керек екенін айтты.
«Осындай, тек заңдық, конституциялық принциппен Рамиль Мухоряповтың репликасын ҚР Қылмыстық Кодексінің 174 бабы, 1 тармағы бойынша тексеруді сұрап, Алматы қаласының Прокуратурасына арыз жібердім. Арыз ЖТ-2022-02543155 нөмірімен ресми тіркелді. 11 қарашаға дейін Прокуратура ресми жауабын жібереді.Егер Мухоряповтың қылмысы дәлелденіп, сот шешімі шықса, ол қандай жазаға тартылуы мүмкін? Мұндағы ең минималды жаза — 2 мың айлық есептік көрсеткіш. Қазір бір АЕК — 3063 теңге. Демек, ChocoFamily басшысының ең аз жазасы — 6 126 000 теңге айыппұл болуы мүмкін. Бірақ тек мүмкін деп тұрмын. Себебі мәселені құзырлы органдар мен сот қана шешеді», – деп жазды Айбар Олжаев.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024