Қарағанды. 3 желтоқсан. 7kun.kz - Бельгиялық Carmeuse Group корпорациясы Қарағанды облысындағы Осакаров ауданында әктас зауытын салады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоспар бойынша бірінші сұрыптағы әктас өндіретін кешен салынуы қажет. Ол металлургия, химия кәсіпорындарының және тамақ өнеркәсібінің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
"Құрылыс тікелей шетелдік инвестициялар арқылы жүзеге асырылатын болады. Жобаның инвесторы - трансұлттық бельгиялық Carmeuse Group корпорациясы. Оның әлемде ондаған зауыты бар. Сонымен қатар олар металлургиялық өндіріс бойынша әктас өндіру саласының көшбасшысы. Инвестиция көлемі - 8 млрд теңге. Жоба 105 жұмыс орынын құруға мүмкіндік береді",- делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында. Жобаның инновациялығы аталған технологияны қолдана отырып бірінші сұрыптағы әктасты өндіруге мүмкіндік береді. Зауыттың жалпы құны 8 млрд теңге.
Фото: refite.ru
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024