Белоруссия Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) алдындағы несиесін толығымен өтеді. Елдің қаржы министрлігінің сайтында осындай ақпарат жарияланған.
"2015 жылдың 31 наурызында Белоруссия Республикасы ХВҚ-ның stand by несиесі бойынша негізгі қарызының 75,9 млн доллар көлеміндегі соңғы бөлшегін қайтарды. Осы арқылы республика ХВҚ алдындағы өзінің міндетін толығымен орындады", - деп жазылған хабарламада.
23 наурыз күні республиканың қаржы министрінің орынбасары Максим Ермолов Белоруссия мен ХВҚ-ның жаңа серіктестікті бастап, Минскінің несие алатындығын мәлімдеді. Осыған дейін ол ел үкіметі ХВҚ-ның барлық талаптарын "жоғарғы деңгейде" орындауға дайын деп мәлімдеген еді.
Stand by несиесі ХВҚ-мен келісілген арнайы мақсаттар үшін беріледі. Банк бекітілген мерзімге дейін арнайы соманы сақтап қояды, ал тұтынушы қажеттілігіне байланысты бөлшектеп немесе толығымен пайдалана алады. Мұндай несиеге келісу арқылы мемлекет белгіленген шетелдік валютадағы соманы қалаған уақытта автоматты түрде ала алады.
Ал Белоруссия осы жылы сыртқы несие берушілеріне 4 миллиард доллар төлеуі қажет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024