Астана. 10 қазан. 7kun.kz — Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР-ның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босатты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Бақытжан Сағынтаев өңірлерде тапшылықтың байқалатынын, бензиннің лимитпен әрі талондармен сатыла бастағанын, соның нәтижесінде баға өсімі орын алғанын атап өтті.
Осыған орай, ҚР Премьер-Министрі ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың баяндамаларын тыңдады.
Бақытжан Сағынтаев импорт үлесінің ұлғаюы мен бағамдық айырмашылыққа сүйене отырып жасалған түсініктемелерді тікелей лауазымдық міндеттер мен жауапкершіліктен жалтару деп есептейді.
"Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовқа қатысты лауазымынан босатуға шешім қабылдаймын. Кеңсе бүгін үкіметтің тиісті шешімін дайындайды», - деді Б.Сағынтаев.
Бұдан бөлек, премьер-министр «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевке белгіленген тәртіпте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданып, міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Данияр Берлібаевтың өкілеттігін тоқтату бойынша шаралар қабылдау тапсырды.
Еске салсақ, Қазақстанда бензин бағасы қымбаттаған болатын. Кейбір жанармай құю бекеттері бензинді талонмен немесе шектеп сатуға мәжбүр болған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024