Алматы. 6 қазан. 7kun.kz – Негізгі акционер ауысқаннан кейін банк ребрендинг жүргізді, графикалық белгіден және ұйымның атауынан тұратын жаңа логотипін ұсынды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Жаңа белгінің түстер гаммасы жасыл түстің реңктерінен құралған, жаңару және ілгері дамуды білдіреді.
«Bereke Bank логотипі қаржы институтының озық техникалық сараптамалар арқылы алға ұмтылуын, сондай-ақ кәсіби команданың ұзақ жылдық еңбегі нәтижесінде қалыптасқан тұрақтылықты білдіреді», – деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Логотип пішініндегі көкжиек бейнесі банктің ілгері дамуға және инновацияларға деген үздіксіз талпынысын айқындайды, мақсаты – клиенттерге келешегінен жақсы үміт күттіру.
Графикалық белгімен бірге логотипке бірегей қаріптік сызба әзірленді. Ол банкке тән тұрақтылық пен сенімділікті білдіреді. Банктің басты мақсаты – клиенттердің өсіп-өркендеуіне жаңа көкжиек ашу.
«Жаңа фирмалық стильді таңдаған кезде, біздің мақсатымыз Банк имиджін клиенттердің сан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын бірегей қаржы институты ретінде сақтап қалу болды. Банк ұзақ жылдар бойы миллиондаған адамдарға бизнес ашуға және оны жүргізуге, жоспарлары мен армандарын іске асыруға көмектесе отырып, олардың сенімді серігіне айналды. Сонымен бірге біз қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін инновциялар жасап, оларды дамытуды жалғастырамыз. Осы байланысты сақтап қалу ребрендигтің маңызды міндеті болды», – деді «Bereke Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Тасқаранов.
Бакнк өкілдерінің айтуынша, «Bereke Bank» АҚ-ның барлық филиалдық желісінің ребрендингі жоспарлы түрде жүргізіледі және оған жарты жылдай уақыт кетеді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024