Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

BI Group холдингі Naimi.kz жобасын инвестициялады

BI Group холдингі Naimi.kz жобасын инвестициялады

Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – BI Group холдингі BeInTech бөлімшесі атынан Naimi.kz ірі жобасына инвестиция салды.

Осы аптада BeInTech және Naimi.kz онлайн платформасы арасында ресми келісім жасалды. Серіктестер құны 5 миллион доллар тұратын отандық маркетплейстің ең мықты стартаптарының біріне инвестициялардың жаңа раунды туралы келісті.

Naimi.kz - бұл тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы мамандарды іздеуге арналған онлайн-платформа. Ол Қазақстанда танымалдылыққа ие. Платформаны Ұлан Қайырбеков, Мағжан Мәдиев, Ерлан Есімсейітов және Дәурен Рақымжанов құрды.

Айта кетейік, жоба 2015 жылы пайда болып, бірден 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі инвестиция тартты.

BeInTech компаниясының жоғары технологиялар мен стартаптар саласындағы, сондай-ақ BI Group холдингінің перспективалық жобаларға инвестиция салу тұрғысындағы тәжірибесін ескере отырып, синергия Naimi.kz-пен ұзақ мерзімді өзара тиімді серіктестікке айналады.

Похожие материалы