Ресейлік Сбербанк пен қазақстандық BI Group құрылыс холдингінің басшылары Петербург Халықаралық экономикалық форумы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Герман Греф пен Айдын Рахымбаев тиімді серіктестікті дамытуға және ҚР мен РФ аумағында бірлескен жобаларды іске асыруға келісті. Тараптар білім беру және денсаулық сақтау объектілерін қаржыландыру мүмкіндігін қарастырды, сондай-ақ осы жылдың күзінде BI Group-тың MoEx-ке (Moscow Exchange) шығу жоспарын талқылады.
Егер жоспар орындалса, қазақстандық девелопер Мәскеу биржасында бағалы қағаздар шығаратын алғашқы қазақстандық коммерциялық эмитент болады. Бұған дейін құрылыс компаниясының еншілес кәсіпорны AIX-ке облигация орналастырған еді.
Герман Греф, Сбербанк Президенті, Басқарма Төрағасы
- BI Group және Қазақстандағы Сбердің еншілес банкі ауқымды әлеуметтік жобаларды іске асыруда табысты, өзара тиімді ынтымақтастықтың мол тәжірибесіне ие. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда МЖӘ үлгісі бойынша төрт инновациялық мектептің құрылысы жүріп жатыр, олардың техникалық жабдықталуы халықаралық стандарттардан кем түспейді, ал оқу барысы қазақстандық білім беру моделі мен батыстың озық білім беру жүйелері негізінде ұйымдастырылады. Бүгін қол қойылған келісім BI Group-пен серіктестік қарым-қатынастарымыз бен жобаларымыздың дамуындағы жаңа кезең болады деп сенемін.
«Сбербанк» АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы Елдар Теңізбаев:
Сбербанк пен BI Group-тің жемісті ынтымақтастығының 8 жылы ішінде өте көп бірлескен жоба іске асырылды, ал бұлардың қызмет ету саласы тұрғын үй және инфрақұрылым салумен шектелмеді. Қазір білім беру саласында іске асырылып жатқан жобалар бірлескен тәжірибеміз бен құзіретімізді қызметіміздің түрлі бағытында табысты қолдануға болатынын айқын көрсетіп отыр. Ең ауқымды бірлескен жобаларымыз әлі алда екеніне сенімдімін».
Айдын Рахымбаев, BI Group холдингі Директорлар кеңесінің Төрағасы
– Біз үшін Сбер Қазақстандағы негізгі банк болып табылады және біздің ынтымақтастығымыз жай ғана рәсімділік емес, білім беру жүйесінің деңгейін жақсартуға бағытталған ортақ мақсаттары бар түрлі салалардағы екі серіктестің синергиясы. Сапалы адами капиталды өсіру – бұл ел болашағына ең жақсы инвестиция. Біздің жаңа форматтағы мектеп жобамыз балаларды озық стандарттар бойынша оқытуға елеулі үлес қосатынына, елдегі оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға ықпал ететініне сенімдімін. Білім беруді қолдау мәселесінде біздің мүдделеріміз ресейлік әріптестеріміздің мүдделерімен сәйкес келді. Жалпы, бізде Сбермен көптеген ұқсастықтар бар, оның ішінде корпоративті мәдениеттің негіздері, қызметкерлердің дамуы мен біліктілігін арттыру, цифрландыру бағыты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024