Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылдың 11 айында Қазақстан 5,5 млн тонна бидай мен меслинді экспорттады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 49%-ға артық. Ақша баламасында экспорт көлемі 862,5 млн долларды құрады. Еnergyprom.kz осындай деректер келтірді.
Арпа өнімі өткен жылдың 11 айында нақты көлемде бір жылда 2 есеге артып, 1,5 млн тоннаны құрады. Жалпы сатылым 247,6 млн АҚШ долларына тең, 2017 жылы бұл көрсеткіш 2,3 есе аз болды.
2018 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі 2,3 трлн теңгеге дейін артты (НКИ — барлығы 103,1%). Ең жоғары көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында (371,8 млрд теңге) тіркелді. Екінші орынға Алматы облысы (345,8 млрд теңге), ал үшінші орынға Түркістан облысы (286,3 млрд теңге) орналасты.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың түсімін жинау туралы деректеріне сәйкес, 2018 жылы 7 қарашадағы жағдай бойынша 15,1 млн. га (100% дақылдар)астық жиналып, 22,8 млн тонна бастырылды. Ал орташа өнімділік 15,1 ц/га құрады.
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау бойынша Ақмола облысы көш бастап тұр (4,3 млн га), екінші орында Қостанай облысы (4,1 млн га), үшінші орында — СҚО (2,8 млн га).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024