Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz — Білім саласы инвесторлар үшін тартымды бола бастады, деп есептейді Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин.
«Алдағы 5 жылда салаға 11,5 трлн теңге бөлінеді, оның 1,3 трлн теңгесі - жеке инвестициялар. Бұл жеке инвесторлар есебінен қосымша 150 мың орындық мектептер салуға мүмкіндік береді. Ел экономикасы үшін ғылымның тиімділігін арттыру аясында ғылыми-зерттеу қызметі жаңғыртылады, ғылымға жұмсалатын шығыстар артады. Білім беруді қаржыландыру ЖІӨ-нің 7% деңгейіне жетеді", - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі таңда парламентте педагог мәртебесі туралы заң жобасы талқыланып жатыр. Мәселен, Президенттің тапсырмасын орындау аясында 2020 жылдан бастап төрт жыл ішінде педагогтарға жалақыны кезең-кезеңмен 2 есеге ұлғайту жоспарланып отыр.
«Бағдарлама бойынша балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамту қамтамасыз етіледі. Қазақстан PISA әлемдік рейтингісінің ТОР-40 қатарына енуді жоспарлап отыр, ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын және олардың білімдерін тәжірибеде қолдану қабілетін бағалайды. Барлық мектептер жаңа үлгідегі пәндік кабинеттермен жабдықталады. Үш ауысымды оқыту толығымен жойылады, апатты мектептер саны қысқартылады. Осы жылдар ішінде елімізде 800-ге жуық жаңа мектеп салынады. Тірек елді мекендерде 114 интернат ашылады", - деді премьер-министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024