Алматы. 15 шілде. 7kun.kz — Қазақстанда 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.
«Бағдарлама шеңберінде үш ауысымдағы мектептер мәселесі шешіледі. Барлығы 500 мектеп жоспарланған. Оның ішінде 100-ден астам жеке меншік мектеп жан басына қаржыландыруды енгізу есебінен ашылады. Бұдан басқа, МЖӘ тетігі бойынша шамамен 3 мың жаңа балабақша ашылады. 2021 жылы еліміздің мектептерінде, колледждері мен жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа бағдарламаларына толық көшу қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар шағын жинақты мектептерде білім беру сапасын арттыруға, ауылдық және қалалық мектептер арасындағы алшақтықты азайтуға ерекше назар аударылады", - деді Асқар Мамин.
Техникалық білім берудің экономика қажеттіліктеріне көбірек бағдарлануы үшін колледждерді трансформациялау және жұмыс берушілерге сенімді басқаруға беру басталды. 390 колледжде WorldSkills халықаралық стандарттары мен модульдік бағдарламалар енгізіледі. Бұдан басқа, қолданыстағы колледждер желісін нарық қажеттілігіне қарай оңтайландыру және бейіндеу жүргізіледі.
"2022 жылдың соңына қарай жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету үшін 75 мың орын пайдалануға беріледі. Ғылым саласында оның тиімділігін арттыру үшін қаржыландыру мен басқарудың жаңартылған жүйесі енгізілуде, ол бөлінетін қаражаттың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді", - деді премьер-министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024