Алматы. 9 наурыз. 7kun.kz — ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдердің жалақысын көтеруді қолға алмақ, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
«Педагогтардың жалақысы тым төмен екендігімен келісемін. Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Барлық жаңашылдықтарды педагогтармен бірге талқылайтын әдетіміз бар, сондықтан қаржылық мәселелерді де мұғалімдермен, Үкіметпен және Мәжіліспен бірге талқылайтын боламыз. Біз 2017 жылғы бюджетте педагогтардың жалақысын көтере аламыз деп үміттенемін. Педагог мамандығы әжептәуір беделді болады», — деді ол.
Оның сөзінше, алдағы жылдары Қазақстан үшін балабақша, мектеп пен жоғары оқу орындарына қосымша 200 мың педагог қажет болады. «Бұл жыл сайын жаңа жұмыс орнын ашатын салаға айналады», — деді министр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024