Нұр-Сұлтан. 2 маусым. 7kun.kz - Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы вице-премьер Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауал жолдап, онда білім саласындағы ең өзекті мәселелерді көтеріп, кемшіліктерді айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Орта мектепте жаңартылған білім беру бағдарламасын жасауда тым асығыстыққа жол бердік. Айналдырған 4 жыл ішінде 3,5 млн оқушыға білім беру реформасын жасап тастап, балаларымызды шексіз реформалардың тәжірибелік алаңына айналдырдық. Бірақ реформалардың нәтижесі мен олардың қандай деңгейде білім алғандарына ешкім жауап берген емес», - деп айтты сенатор Мұрат Бақтиярұлы.
Депутат соңғы 30 жылда Қазақстаннан білім беру жүйесінен 10 млн адам өткенін айтады. Сенатор білім саласындағы тоқтаусыз өзгерістер мен реформаларды сынға алды. Оқу құралдарын қайта-қайта басып, оқу стандарттарын үздіксіз өзгерте беру халықты мезі еткен.
«Білім саласында біз еліктемеген ел қалған жоқ шығар. Алайда солар қоғамға керек пе? Мысалы, соңғы 5 жылда Білім туралы Заңға 29 мәрте өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. 2000 жылдан 2017 жылға дейін білім беру стандарты 7 рет өзгерді. Әр өзгерту кезінде оқулықтар жаңарады. Көп шығын кетеді», - дейді депутат.
Мұрат Бақтиярұлы Дүниежүзілік банк зерттеуін мысалға келтірді. Зерттеуде Қазақстандағы оқушылардың 1%-ы ғана сапалы білім алып жатыр деп жазылған екен. Оқушыларымыздың басым бөлігінде таңдау жасау мүмкіндігі жоқ. Олар негізінен екі не үш ауысымды мектептерде білім алып жатыр.
"Соңғы 3 жыл ішінде елімізде 1 млн 277 мың сәби дүниеге келді. Бұл білім саласына түсіп тұрған үлкен демографиялық салмақ. Олар үшін болашақта кем дегенде 3 000 мектеп салынуы қажет", - деп түсіндірді сенатор депутаттық сауалында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024