Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс тропикалық Африкадағы кедей елдерге көмектеспек. Ол Африка мемлекеттеріне 100 мың тауық жөнелтіп, ірі акцияны бастамақ.
Билл Гейтстің айтуынша, құс өнеркәсібі – аймақтағы кедейлікпен күрестің ең жылдам әрі әсерлі жолы болуы мүмкін. Жоба жоспарлаушылары құс өсірудің кедей жанұяларға пайдалы, шығыны аз кәсіп екенін айтады. Ал тауық жұмыртқасы – балалар үшін өте пайдалы. «Бұл идея күлкілі көрінуі мүмкін. Бірақ маған құс шаруашылығы жайлы ой шынымен ұнайды», - дейді Билл Гейтс.
Оның айтуынша, небәрі 5 тауығы бар фермер үш ай ішінде құстарының санын қырыққа жеткізе алады. Африканың батыс бөлігінде бір тауықтың орташа бағасы – 5 доллар. Нәтижесінде, фермердің бір жылдағы табысы 1000 доллардан асуы мүмкін. (Африкадағы орташа күнкөріс деңгейі – жылына 700 доллар).
Жоба мақсаты – тропикалық Африканың 30% тұрғынына вакцинадан өткен, дені сау құс өсіруі үшін жәрдем ету. Бүгінде мұндай мүмкіндік тек 5% тұрғында бар. Билл Гейтс осыдан бір жыл бұрын балалар өлімінің алдын алу үшін Азия мен Африка елдерінде медициналық орталықтар желісін салу жоспарымен бөліскен еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024