Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Билл Гейтс Трамптың саясатын сынады

Билл Гейтс Трамптың саясатын сынады

Алматы.14 ақпан. 7kun.kz — Америкалық миллиардер Билл Гейтс  АҚШ президенті Трамптың "бәрінен бұрын Америка" принципін сынады.

Оның айтуынша, Дональд Трамптың саясаты Гейтс қайырымыдылық қорының АҚШ-тан тыс адамдарға көмектесуіне кедергі келтіреді, деп хабарлайды Business Insider.

Кәсіпкер әйелі Мелиндамен бірге «Гейтс» қайырымдылық қорының жыл сайынғы жұмысы туралы баяндама жазды. Бизнесмен  өзіне қойылған сұрақтардың бәріне жауап берді. Сол қойылған сауалдардың бірі мынадай еді: «Президент Трамптың саясаты сіздің жұмысыңызға қалай әсер етті?".

Билл Гейтс АҚШ президентінің қабылдаған шешімі, Гейтс қорының шетелдегі кедейлікпен, аштықпен, аурумен күресуге кедергі келтіретіндігін айтып, жауап берді.

Миллиардер Трамптың бүкіл әлем АҚШ-тың айналасында айналып жүруі тиіс саясаты тиімсіз екендігін айтты.

Билл Гейтс 2018 жылы үкімет АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) бюджетін 17 млрд долларға қысқартқан. Бірақ әскери шығындарды арттырғанын байқаған.

«Басқа елдердегі адамдар қайтыс болады, ал бұдан АҚШ-та тек одан да жаман (жағдайлар) болады», - деді Билл Гейтс.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы