Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz - Жемқорлықпен күрес ұлттық бюросы БТА банктен ақша жымқыруға байланысты қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. 2 мың 224 томнан тұратын істің материалдарымен танысу процесі басталды. Бұл туралы Капитал.kz хабарлады.
Мұхтар Әбілязов қылмыстық топ құрып, оны басқарды, БТА Банктің қаражатын жымқырды және қызметін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр.
Келтірілген шығынның жалпы көлемі – 7,5 млрд доллар.
Хабарламада «Тергеу нәтижесі бойынша ұрланған қаражат халықтың зейнетақы жинағына тиесілі екендігі және Қазақстандық азаматтардың жеке жинақтары мен шетелдік қаржы институттарының қарыздары екені анықталды. Мемлекет БТА банктің барлық қарызын жабуды өз мойынан алды», - делінген.
2017 жылдың 2 ақпанында Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро Процессуалды-қылмыстық кодексінің 1 бөлім 208 бабына сәйкес, шетелдік және қазақстандық БАҚ арқылы Мұхтар Әбілязовты 2017 жылдың 10 ақпанында тергеуге шақырған еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024