Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — Биометриялық технологиялардың дамуы біз қолданып жүрген физикалық карталардың қолданыстан шығауына себеп болуы мүмкін. Көрші Ресейде бірнеше қаржылық ұйымдар мұны пилоттық жоба түрінде жүзеге асырып көрді.
Биометриялық төлем тез, ыңғайлы және ақша сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатындығымен ерекшеленеді.
"Қазіргі таңда биометриялық аутентификацияның бірнеше түрі қолдансқа енгізіліп қойды. Соның бірі - смартфонның саусақ іздерін тани алуы. Банктер мұнан да басқа нұсқаларын қарастырып жатыр", - дейді Future Payments жетекшісі Саша Брайт.
Visa және Mastercard секілді бірнеше ірі қаржылық компаниялар қандай технологияның қауіпсіз екенін анықтайтын зерттеу жобаларын бастап кетті. Олар осындай лабороториялық тәжірибеге инвестиция құйып отыр.
2016 жылдың жазында Visa еуропалық тұтынушылардың төрттен үш бөлігі, яғни 73 пайызы биометриялық төлемдерге қызығушылық танытып отыр деген сауалнама нәтижесін жариялаған еді.
Респонденттердің жартсынан көбі бұл төлем түрін жылдам деп есептесе, 80 пайызы саусақ іздерін тану ең қауіпсіз технология деген пікірде.
Қазіргі таңда банктер биометриялық аутентификацияның артықшылығына толықтай көз жеткізе қойған жоқ. Бірақ мұндай төлем түрінің қолданысқа енетін күні жақындап келеді.
Дереккөз: Banker.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024