Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бір айда Каспий жағасында 30 мың саяхатшы демалған

Бір айда Каспий жағасында 30 мың саяхатшы демалған

Алматы. 8 шілде. 7kun.kz - Жаз басталғалы Ақтауға теңізге түсуге келетіндер саны артты. Бір айдың ішінде 30 мың саяхатшы Каспийдің жағасында демалған, деп хабарлайды 24.kz.

Теңізді жағалай 45 шақырымға инженерлік желілер тартылып, демалыс орындарына газ, су мен тоқ жетті. 2 шақырымдай жағажай абаттандырылып, халықтың тегін демалуына мүмкіндік жасалды.

Ақтауда аптап ыстықтың беті қайтар емес. Күннің қызуынан тіпті теңіз суы қайнап, 30 градусқа жеткен. Қатты ыстықтан қажыған халық теңізден сая іздеп, жағалауға ағылып жатыр. Мұнда адамның көптігі соншалық, жағажайда көлік қоятын орын да табылмай қалады.

Похожие материалы