Алматы. 6 қараша. 7kun.kz – 2018 жылғы III тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 161,8 мың теңгені құрады.
Атаулы жалақы 2017 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 9,3%-ға, ал нақты жалақы - 3,1%-ға өсті.
Еңбекке ақы төлеудің ең жоғарғы мөлшері қаржы және сақтандыру қызметінде - 317,4 мың теңге, ең төменгі деңгей - ауылдық, орман және балық шаруашылығында 106,4 мың теңге болды.
2018 жылдың III тоқсанында кәсіпорындар мен ұйымдардағы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есептемегенде) қызметкерлердің саны 3,7 млн адамды құрады.
Сонымен қатар, өңірлер бойынша ең жоғары жалақы Атырау облысының қызметкерлерінде (310,5 мың теңге), ал ең төмені - Түркістан ауданының қызметкерлерінде (98,8 мың теңге) тіркелген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024