Нұр-Сұлтан . 12 мамыр. 7kun.kz – Бүгін Нұр-Сұлтанда бұрынғы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен экс-вице-министр Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Сот адвокаттар талап еткендей, істі қайтадан прокуратураға қайтармау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сот осы іс бойынша басты сот отырысының 26 мамыр күні сағат 10:00-де өтетінін хабарлады.
Осы уақытқа дейін және сот процесі кезінде Біртанов пен Әбішев үй қамауында болады.
Айта кетейік, бұған дейін сот Біртанов пен Әбішевтің ісі бойынша басты сот талқылауын тағайындамау туралы шешім шығарып, заң бұзушылықтарды түзету үшін істі прокуратураға қайтарған болатын.
Кеше алдын ала тыңдаудың бірінші күні өтті. Онда Біртанов пен Әбішев прокуратураның заң бұзушылықтарды түзетпей, істі бұрынғы түрінде сотқа өткізгенін атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024