Біртұтас электр энергетикалық жүйені автоматтандыру жобасы жасалуда
Астана. 10 қыркүйек. 7kun.kz - Қазақстанның Ұлттық электр торабы әлемнің жетекші энергия жүйелері деңгейінде технологиялық жабдықталған. Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.
Оның айтуынша қазіргі таңда цифрлы технологияларды ендіру деңгейі өте жоғары. Алайда бұл бағытта жұмыс жалғасады. Компания қазіргі кезде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген «Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі режимдерін басқаруды автоматтандыру» жобасын іске асыруға кіріскен. Бұл жоба үш компоненттен тұрады: Синхрофазорлық технологиялар негізінде басқару жүйесі (WAMS/WACS). Бұл жүйе нақты уақыт режимінде желілерді басқарудың жаңа алгоритмдерін ендіру және бақылау деңгейін арттыру есебінен қолданыстағы желі арқылы электр энергиясын жеткізуді арттыруға мүмкіндік береді. Жиілік пен қуатты реттеу автоматикасы (ЖҚРА) – отандық электр станциялары қуатын аса тиімді пайдалануды және Ресей энергия жүйесінен электр энергиясын сатып алу көлемін азайтуды қамтамасыз етеді. Аварияға қарсы автоматиканың орталықтандырылған жүйесі (ААОЖ) – технологиялық бұзылыстар болған жағдайда тұтынушылардың ажыратылу көлемін азайтуды қамтамасыз етеді.Компания төрағасының айтуынша бұл зияткерлік энергия жүйесі толықтай іске қосылса мемлекет экономиканы дамытуға жағдай жасайтын сенімді электр энергетикалық инфрақұрылымға ие болады.
Ал тұтынушыға зияткерлік санауыштардың, шатырлардағы күн панельдерін, аккумуляторлар мен электромобильдерді қолдану есебінен тұтынушыларда өз шығыстарын оңтайландыруға, сонымен қатар артық электр энергиясын сатудан қосымша кірістер алуға мүмкіндігі туады.
Бақытжан Қажиевтің айтуынша әлемдегі түрлі елдердің электр энергетикасы жүйелерінің инновациалық дамуының негізгі бағыты – Smart Grid тұжырымдамасына негізделген. Бұл электр энергетикасын өндіру, жеткізу, тарату, өткізу, тұтыну және жүйелік операциялардың ақылды қосындысынан тұратын жүйе болашақта біздің елімізге де келеді.
Айта кетейік, Электр энергетика саласын қайта құру, өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру, салаға инвестиция тарту "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 50,51, 52 қадамдарына баса айтылған. Бақытжан Қажиевтің айтуынша қазақстандық энергетика саласы бұл қадамдарды орындауды белсенді жүзеге асыруда.Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024