Экономика
Выбор редактора
Биржадағы құлдыраудан әлемнің ең бай адамдары 182 млрд долларынан айырылды
Осы аптада халықаралық нарықтағы валюта құлдырауынан әлемдегі ең бай 400 адам 182 млрд долларынан айырылды деп хабарлайды Bloomberg. Жалпы алғанда миллиардерлердің дәулеті 6,3 пайызға қысқарған.
21 тамызда ең бай адамдардың қаржысы 76 млрд долларға төмендеді. Бұған АҚШ-тағы Standard & Poor’s 500 Index және Dow Jones тәрізді ең ірі биржалық индекстердің әлсізденуі себеп болды. Барлығынан да долларлық эквивлентте Уоррен Баффет ұтылды. Апта ішінде оның дәулеті 3,6 млрд долларға қысқарды. Berkshire Hathaway холдингтік компаниясының құнды қағаздарының бағасы 5 пайызға төмендеді. Bloomberg мәліметінше, Уоррен Баффет 63,4 млрд доллар байлығымен әлемдегі ең дәулетті адамдардың тізімінде үшінші орын иеленеді. Ал Гонгонк биржасындағы йеннің әлсізденуінен Қытайдың 26 бай адамы апта ішінде 18,8 млрд долларын жоғалтты. Олардың ішінде бәрінен де зардап шеккен - Dalian Wanda Group президенті Ван Цзяньлинь. Ол 3,5 млрд долларынан айырылды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024