Экономика
«Бишімбаев Қызылордадағы шыны зауытының құрылысынан 2 млн доллар жымқырған»
Астана. 13 ақпан. 7kun.kz - «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына бөлінген қаржыдан ведомство астындағы "Orda Glass" ЖШС мен оның мердігері «Шымкентхиммионтаж» ЖШС компания арқылы қылмыстық жүйе құрып, 1 млрд теңге жымқырған. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро хабарлады.
Қылмыстық жүйеге аталған ұйымдардың басшылары – Ибрашев, Исабек және Қожабаевтар да қатысқан.
"Қаржыны жымқыру мемлекеттендірілген «Құрылыс металлқұрылымдарының зауыты» ЖШС компаниясы арқылы іске асқан. Көрсетілген сомадан Бишімбаев делдал болған өзінің туыс ағасы Нұрлыбектен нақты 2 млн доллар алған", - деп хабарлады ұлттық бюро.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024