Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Биткоин болашақтың ақшасы ма әлде әне-міне жарылатын көпіршік пе?

Биткоин болашақтың ақшасы ма әлде әне-міне жарылатын көпіршік пе?
2017 жыл – биткоинның жылы болды. Екі қазақтың басы қосылса, биткоинның курсы жайлы, түгенше пәленше биткойнды сатып алғаны әм сатқаны туралы ғана әңгіме өрбітетін болды. Әлеуметтік желіде де осы тақырып тренд. Осы жылы, қазақстандықтар гуглға «биткоин», «криптовалюта» деп, 25 миллион ізденім жасапты. Сонда, әр қазақ кемі 2-3 реттен іздеген боп тұр ғой. Жұрт неге сонша қызықты? Себебі, бұл валюта – ертегідегі Алпамыстан жылдам өсіп жатыр. 2017-ші жылдың табалдырығып бұл биткоин 900 доллар құнмен аттап еді, жыл соңында бағасы 20 мың долларға бір-ақ секірді. Бір қызықты айтайын. 2011 жылы Германияға барған досым Біржан, ерігіп 3-4 лайткойн, биткойн сатып алған ғой. Енді не болды дейсіз бе? Әп сәтте, миллионерге айналды. Иә, осындай аңыздар ғой, жұрттың қызығушылығын қытықтап тұрғаны...                             Жұрт биткоинға неге сонша құмар Ең бірінші ерекшелігі – ақшаны өзің өндіре аласың! Қайталап жазам: ӨЗІҢ АҚША ӨНДІРЕ АЛАСЫҢ! Бұл деген сенсация жо-жо революция емес пе?! Бұрын қалай еді? Ақшаны тек банк қана шығарушы еді. Енді, компьютері бар кез-келген адамға, ақша өндіруге мүмкіндік беріліп тұр. Әрі өз қолымен өндірген виртуал ақшасы – теңге, еуро, доллардың бүкіл қызметін атқара алады! Иә, иә. Жыпырлаған цифр – әлемдегі ең қымбат деген валютаңнан мың есе қымбат. Ең қызығы, биткоинмен тауарды сатып алуға, онымен төлем жасауға болады. Кәдімгі ақша, бірақ құны өте-мөте қымбат. Жұрт тек қана қымбаттығына қызығып отырған жоқ. Кәдімгі ақшадан артықшылығы – банктен тәуелсіз етеді. Мысалға, мен басқа елде немесе басқа қалада тұратын туысыма ақша жіберу үшін, банкке баруым керек. Ал, банк жіберген ақшамның 1-2 процентін ұстап қалады. Ал мынау криптовалютада пайыз деген жоқ. 100 мың  теңге жіберсең, шотқа 100 мың теңге ретінде түседі. Енді айтыңызшы? Биткойн тұрғанда, саусағын қыбырлатпай, менің ақшамды жейтін банкке жүгініп не қылам? Криптовалютаның тағы бір артықшылығы – сенің кімге, қанша ақша жіберіп жатқаныңды ешкім қадағалай алмайды. Бұдан бөлек, электронды ақшада инфиляция, құнсыздану деген болмайды. Себебі – криптовалютаның нақты бір шегі бар. 2040 жылы биткоинның соңғы 20 милионыншы данасы шығады да, сонымен тоқтайды. Одан артық шығарылмайды. Ал енді өзге валюталар болса, теңге, рубль, доллар болсын – оны банк шексіз шығара алады. Нәижесінде, ақшаның массасының артуынан инфиляцияны туады. Яғни қолма-қол ақша құнсызданады. Ал электронды ақша, ол құнсызданбайды. Өйткені оның нақты бір шегі бар. Жоғарыда жаздық, 2040-шы жылы биткойн өндіру тоқтайды да, айналымда бар-жоғы 20 миллион данасы жүретін болады,-деп. Ол кезде 1 биткоиннің бағасы 40 мың долларға, тіпті 100 мың долларға теңелуі мүмкін. Себебі, әлемде саны шектеулі нәрсе әманда қымбат, құнды емес пе?! Бір қызықты айтайын. 2009 жылы америкалық он мың биткоинға бір пицца сатып алыпты. Қазір, сол кісі биткойнның курсын қарамайды екен. Іші ашитын шығар?)                Биткоинды күреп табуға немесе сатып алуға болады Бала кезде, әкемізден ақша сұрай берсек, теңгені күреп тауып жатыр деймісің,-деп ұрсушы еді ғой. Негізі ақшаны күреп, қазып табуға болады екен. Иә, қалыс естімедіңіз. Биткоин өндіру процессін ағылшынша майнинг дейді ғой. Қазақшаласаң – күреп табу, қазу дегенге келеді. Әрине, бұл істе күрек әм қара күштің қажеті жоқ. Керегі компьютердің жүрегі – видеокарта. Арнайы сайт бар, соған кіресіз де, соның өте қиын есебін шешесіз. Дұрысы компьютерден жұлып алған әлгі видеокартаңыз әлгі алгортимді шешу керек. Әр есеспті шешкен сайын, шифрленген код беріледі. Былай қарасаң, жыпырлаған түсініксіз цифрлар. Биткоин дегенің осы! "Қарғыс атқыр майнерлер. Осылардың кесірінен видеокарталардың бағасы аспандап кетті". Енді, аспандамағанда не болады? Жаңа компьютер дүкенге түскен бетте, әлгі майнерлер сатып ап, процессорын жұлып жатыр емес пе?! Мына фотода қытайлық биткойн майнер түсірілген. Фондағы фермаға көз салыңдар. Құдды бір бройлер инкубаторы секілді. Тек бұл жолы жұмыртқалардың орнында компьютердің процессорлары. Ал жасап жатқандары балапан емес, виртуал ақша. Бастапқыда, биткоин өндіру оңай еді. Себебі, есептің шешімдері оңай болатын. Ал қазір, күн сайын қиындап барады. Бұрын, бір-екі видеокарта жеткілікті болса, қазір күрделеніп кеткен есепті шешуге соңғы үлгідегі компьютер керек. Бір емес, жүздегені керек. Ең сорақысы, бұрын бір биткойнды шешіп алуға бір-екі күн былай жетуші еді, қазір апта аз боп жатыр. Бұл не деген сөз? Бұл дегенің жүздеген процессорың күні-түні жұмыс істейді деген сөз. Ол қызып кетпес үшін, ондаған желдеткіш сатып алуың керек, деген сөз. Ал мұның бәрі қып-қызыл ақша! Бір айналдырғанды шыр айналдырады деген емес пе?! Осы жылдың 13-ші қаңтар күні әлемдегі биткоинның 80 пайызы табылды деген ақпар шықты. Енді бар болғаны 20-ақ пайыз қалды. Яғни есеп бұрынғыдан да ауырлай түседі деген сөз. Бұл дегенің майнерлікпен енді алапат ірі фирма, корпорациялар айналысады да, үйдегі компты шашып, ақша таппақ болған сіз бен біз, басты салбыратып, оларға жол береміз деген сөз. Не істеу керек? Енді, виртуал ақшаны бізге дейін көбірек «қазып» алғандардар сатып ала бастаймыз. Қазірден бастап кеткендер бар. Әлеуметтік желіге кіріңіз. Біреулер осы биткоинға үйін, көлігін ауыстырып жатыр. Ал Алматыдағы кей кафелер, төлемақыға теңге емес, электронды ақша алады. Жұрт неге үй-көлігін көзге көрінбейтін ақшаға неге айырбастап жатыр? Үлгергісі келеді ғой, енді. Естіді ғой, алдағы уақытта 1 биткоин – 100 мың долларға дейін жетуі мүмкін екенін. Бірақ... Мәшинені сатуға асықпай тұра тұрыңыз! Экономист Мақсат Сералы, соңы «coin» деп аяқталатын виртуал ақшаның 750-ге жуық түрі бар. Биткоинда соның бірі. Тек ертерек танылып үлгергені үшін көш бастап тұр. Ертең, лайткоин немесе эфириум дейтіні танымал боп кетсе, биткойнның құны 1-ақ тиын болып қалады,-дейді. Биткоин – сенсең ғана ақша, әйтпесе жәй ғана жыпырлаған цифр... Биткоин 2009 жылы пайда болды. Оны ойлап табушы Сатошо Накомото деген – ... Әдейі көп нүкте қалдырдым. Себебі, бұл бір кісі ме әлде ондаға хакердің бірлесіп жасаған жобасы ма, ешкім білмейді. Жаратушысы кім екені белгісіз болғаны үшін ғой, көптеген елдер виртуал ақшаға күдікпен қарап отыр. Мысалға, Қытай биткоинға тиым салды. Көптеген ірі-атақты экономистер, мұны бар-жоғы көпіршік, әйтеуір бір жарылады деп отыр. Ал, қайбір оптимистер биткоин болашақтың ақшасына айналады,-дейді. Рас, ақшаның өз эволюциясы бар. Әуелгі замандарда бартер деген болды. Сиырға 4 қап бидай айырбастады,-дегендей. Сосын, алтын қолданысқа шықты. Мөңке ханның тұсында, алтынға байланған қағаз ақшалар шыға бастады. Мың жылдан асса да, қолданыстан түспей жүр. Себебін әлгінде айттық, мемлекеттің қанша алтыны бар, сонша ақша шығара алады,-деп. Енді, ғалымдар қағаз валютаның күні таусылды. Енді виртуал ақшамен есептесеміз дейді. Дұрыс-ақ. Бірақ, биткоин һәм басқа криптовалюталардың артында ешқандай мүлік жоқ. Иә, долларың да алтынға байланбаған дейсіз ғой. Бірақ, оның артында АҚШ тұр емес пе, кепіл-гарант ретінде?! Криптовалютаның мемлекет үшін қатерлі тұсы – қадағалауға көнбейді. Кім ақша салды, қанша ақша салды, ақша айналымдары қай бағыттарға жүріп жатыр, оның бәрі – белгісіз. Мұның бәрі жасырын экономиканың дамуына әкеп соғады. АҚШ мамандары айтып отыр. Қару-жарақ, наркотикалық бизнестің ақша айналымдарына жол ашып беріп жатыр,-деп.                                    Биткоин жайлы дін не дейді? Шариғи үкіміне келер болсақ, бүгінде дін ғалымдары аталмыш валюта түрлеріне сақтықпен қарауда. Әсіресе, оның орталықсыздандырылуы сенімсіздік туғызады. Бір валютаның ақша ретінде есептелуі үшін, құндылығы мемлекет тарапынан берілуі керек немесе алтын сияқты өзіндік (заттық) құны болуы шарт. Ал, криптоақшаның артында ешқандай қаржылық орган жоқ. Ешқандай мемлекет секілді беделді мекеме тарапынан қадағаланбайды. Көзге көрінбес, қолмен ұсталмас сипатта.  Бұнымен қатар, дінімізде белгісіздік (ғарар), алаяқтықкісі ақысын жеу, біржақтылық пайда деген сияқты олқылықтарды тудыратын келісімшарттар негізсіз саналады. Ал, криптовалюта саудасында белгісіздік пен сенімсіздік басым. Осыларды негізге ала келе, бүгінде дін ғалымдары криптовалюта алып-сатарлығымен айналыспаған жөн екендігін айтады. Түркияның дін істер басқармасының тұжырымдамасын бере кетсек: "Криптовалюта - ұту немесе ұтылу тұрғысынан спекуляцияға ашық, (әсіресе) ақшаны жылыстау (отмывание денег) секілді заңсыз әрекеттерге қолдануға ыңғайлы әрі мемлекеттің бақылауынан тыс болуы себепті, бүгінде ондай валюталардың алып-сатарлығымен шұғылдану – діни тұрғыда дұрыс емес.

Қорытынды орнына

Биткоин, мейлі лайткоин қысқасы криптовалюта дегенің – бар-жоғы жыпырлаған цифр-таңба ғана. Оны ақша етіп тұрған нәрсе – сенім. Жұрт қашанға дейін мұны ақша деп сенеді, сол заманға дейін айналыста болады. P/S: ІТ сарапшы Аршат Ораздың пікірі Биткоин миллионері деген кім? Бұрын тиын кезінде алыпты, қазір миллионер деген әңгіме жиі айтылады. Негізінде ол миллионерлік виртуал түрде ғана. Шын миллионер болу үшін соны шын ақшаға аударуы қажет. Ол үшін соны сатып алатын «лохтар» қажет.

Похожие материалы